Құндылықтар

Құндылықтар

1.    Сапа және қауіпсіздік
Әрбір жобада біз ең жоғары сапаны, абсолютті қауіпсіздікті және жұмыстардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
2.    Құрмет және адамгершілік
Біз өзара түсіністікпен және командада жұмыс істейміз. Адамгершілік принциптеріне қайшы келетін және қоғамға пайда әкелмейтін әрекеттерге бармаймыз. Біз шыққан тегіне, лауазымына немесе қабілетіне қарамастан, барлығына әділ және ізетпен қараймыз.
3.    Адалдық
Біз адал және ашық әрекет етуге ұмтыламыз.
4.    Ынта-жігер
Біз әлемдік деңгейде танылуға ұмтылып, даму мақсаттарына деген айнымас адалдығымыз арқылы барлығын шабыттандырамыз және ынталандырамыз.
5.    Парасаттылық
Біз әрбір тарапқа пайда әкелуге тырысамыз және әрбір адам үшін мансаптық өсу мен өркендеуге мүмкіндіктер жасаймыз.
6.    Серпіліс жасауға қажетті батылдық
Біз кедергілерді еңсеру, мүмкіндіктер шекарасын кеңейту және бірлесіп айрықша дүниелер жасау үшін қиындықтар мен тәуекелдерге дайынбыз.
7.    Үздіксіз жетілу
Біз үнемі дамуға ұмтыламыз және бизнес-міндеттерді шешу үшін әлемдік озық технологияларды қолданамыз. Клиенттердің пікіріне құлақ түреміз, үйренеміз және өсу үшін үнемі жаңашыл идеялар іздейміз.
8.    Клиентке бағдарлану
Біздің барлық шешімдеріміз бен іскерлік қызметіміздің негізінде клиенттеріміздің мүддесі жатады.
9.    Орнықты даму
Біз қоршаған ортаны қорғау және болашақ ұрпақ үшін орнықты дамуға жәрдемдесу жолындағы жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс істейміз.